Ссылки доступа

Түркияның премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді


Түркия премьер-министрі Ахмет Дәутоғлы қызметінен және биліктегі әділет пен даму партиясының жетекшілігінен кету туралы шешім қабылдаған. Партияның жаңа басшысы 22 мамырдағы партияның кезектен тыс жиынында сайланады. Дәуітоғлы сайлауға қатыспайтынын және парламент депутаты ретінде қызметін жалғастыратынын мәлімдеді.

Соңғы кездері Дәуітоғлы Түркия президенті Режеп Ердоғанмен бірқатар мәселе бойынша қайшылыққа келіп қалып жүр, атап айтқанда елдің оңтүстік-шығысындағы күрд содырларымен қақтығысты реттеуге қатысты келіспеушіліктер туындаған. Дәуітоғлы күрдтермен келіссөздерді жалғастыруға болатынын мәлімдесе, Ердоған керісінше мәселені әскери жолмен шешуді жақтайды.

Ердоған сонымен бірге ел конституциясына президенттік билік өкілеттілігін кеңейтетін өзгерістер енгізуді сұрап отыр.

Ахмет Дәуітоғлы 2014 жылы Ердоған ел президенті боп сайланған соң тамыз айында премьер-министр боп тағайындалды. Бұған дейін түрік үкіметін 10 жыл бойы Режеп Ердоған басқарып келді.

XS
SM
MD
LG