Ссылки доступа

Тәліптер Өзбекстанның шекарасына таяп келді


Өзбекстанның оңтүстік шекарасы ұзақ жылдардан соң бірінші рет Ауғанстан жағынан зымыран шабуылына ұшырады.

Ауғанның Ariana TV арнасы «Талибан» содырларының 2 мамырға қараған түні Балх провинциясының Кальдор уезіндегі шекаралық бекетке шабуыл жасағанын хабарлады. Генерал Мир Наима Хайдари телеарнаға шабуылға тойтарыс берілгенін және Ауғанстанның шекара әскерінен шығын болмағанын мәлімдеген.

Алайда бұл хабар Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың мазасын алып отыр. Өйткені ауғандық Кальдор уезі мен өзбектің Термез қаласын Әмудария өзені ғана бөліп тұр. Бір кездері Әмудария арқылы өтетін Термез — Хайратон автокөлік-теміржол жолын «достық көпірі» деп атайтын, бірақ қазір ол көбіне «тозақ қақпасы» ретінде танымал боп кетті.

Бұған дейін Балх провинциясы тыныш өңір саналғандықтан, әскери қақтығыстар соңғы оқиғаға дейін Өзбекстанды мазаламаған еді. Наурыз айында үкімет әскері Балхта аймақты «Талибан» содырларынан жаппай тазалауды бастаған. Алайда 2 мамырда болған оқиға тәліптерді Кальдор уезінен түбегейлі қуып шығуға қол жетпегенін көрсетеді.

XS
SM
MD
LG