РИА Новости агенттігінің дереккөзі шабуылдың ұлтшылдық негізінде болғанын хабарлаған. Қырғызстан азаматтарын өздерін скинхдертерге жатқызатын жастар соққыға жыққан.
РФ ІІМ қалалық басқармасының сайтында астаналық метрополитен поезында тәртіпсіздіктер болғаны туралы жазылған. Жәбірленушілер «Скобелевская көшесі» бекетінен «Битцевск саябағы» бекетіне дейінгі аралықта жастардың екі тобы арасында қақтығыс туғанын жазған.Нәтижесінде белгісіз біреулер қарсыластарына пышақ жұмсаған және көзден жас ағызатын газ шашқан. Жапа шеккендер астаналық ауруханалардың біріне жеткізілді.
Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері жанжалға қатысы бар күдіктілерді анықтап, ұстаған. Тінту кезінде олардың қалтасынан пышақ және электрошокер табылды. Қазір қамауға алынғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.