Ссылки доступа

Душанбенің екі тұрғыны президент Рахмонға қастандық жасауды жоспарлаған


Тәжікстан астанасындағы Исмоили Сомони аудандық сотында 2015 жылы қыркүйекте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Вахдатқа жұмыс сапары кезінде оған қастандық жасауды жоспарлаған Душанбенің екі тұрғынына қатысты іс аяқталды.

Дилафруз Холова және Иззатулло Фузайлов есімді екі душанбелік азамат «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелерімен бірге ел президенті Эмомали Рахмонды өлтіруді және Ходжанд пен Вахдаттағы бірнеше нысанды жаруды жоспарлаған деп айыпталады.

Кінәсін толық мойындаған Дилафруз Холова 8,5 жылға сотталды, ал кінәсін жартылай мойнына алған Иззатулло Фузайлов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотта көздегендерін жүзеге асыру үшін сотталушылардың қажет қару мен ИМ туын таба алмағандары айтылды.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қастандық бұдан бұрын да, 1997 жылы Ходжандта болған. Ол кезде президентпен бірге бұрынғы ішкі істер министрі Якуб Салимов секілді ел басшысының бірқатар жақын серіктері де жарақат алған еді.

XS
SM
MD
LG