Ссылки доступа

Сирияда әуе шабуылынан 28 адам қаза тапты


Ұлыбританиядағы сириялық құқық қорғаушылар Сирияның солтүстігінде Түркиямен шекара маңындағы босқындар тұрағына жасалған әуе шабуылынан 28 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Әуе шабуылы бейсенбі күні, түс ауа болған. Идлиб провинциясындағы Сармада елді мекенінде орналасқан босқындар тұрағына кімнің шабуыл жасағаны әзірге белгісіз.

Сириялық оппозицияны қолдайтын жергілікті үйлестіру комитеттерінің мәліметінше, әуе шабуылынан кейін тұрақта өрт шыққан. Комитеттердің Фейсбукте жариялаған суреттерінде ондаған шатырдың өртке оранғаны көрінеді.

XS
SM
MD
LG