Ссылки доступа

Қазақстанда ақпарат алаңында қадағалауды күшейтпек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды.

Бұл туралы Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген жиынында айтты. Назарбаевтың сөзінше, аталған министрлікке кез-келген бұқаралық ақпарат құралы кеңістігіне, оның ішінде интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге өзекті мәселелерге жауап беру мақсатында мониторинг жасау міндеттері жүктелуі керек.

"Үкіметте ақпараттық саясат саласын ешкім бақыламайды, мемлекеттің ақпараттық жұмысқа бөлінетін қаржысы бақыланбайды. Қазіргі ақпараттық қауіп-қатердің алдын алып, бес реформаны тиімді түрде алып жүру үшін уәкілетті орган - ақпарат және коммуникация министрлігін қайта қалпына келтіріп, құруды тапсырамын" деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG