Ссылки доступа

Қырғызстанда Сот алқасының төрағасы отставкаға өтініш берген


Қырғызстанның сот алқасының төрағасы және Жоғарғы соттың судьясы Канатбек Турганбеков өз өтініші бойынша отставкаға кетуге арыз жазған.

Сот алқасы оның отставкасын қабылдаған. Енді оның өтінішін ел президенті мен парламент шешуі тиіс.

Еске сала кетейік, парламенттің бұрынғы депутаты Қажымұрат Коркмазов пен президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаевқа қатысты қылмыстық істе Турганбековтің аты-жөні аталады.

Тергеу ісі бойынша, Коркмазов Нарымбаевпен бірге Жоғарғы сотта қаралып жатқан мүлікті тәркілеу ісінде Тюлееваның пайдасына шешу үшін Назгүл Тюлеевадан 200 мың доллар талап еткен.

Сот отырысы кезінде Канатбек Турганбеков өзіне Нарымбаев қоңырау соққанын және Назгүл Тюлееваны қабылдауды сұрағанын айтқан. Турганбеков Тюлеева "тұтқындағы" сауда орталығын өзіне шығарып беруін сұрағанын, бірақ келіспегенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG