Ссылки доступа

Надежда Савченко Ресейге айыппұл төледі


Ресей соты украин азаматшасы Надежда Савченкоға шекараны заңсыз кесіп өтті деп 30 мың рубль айыппұл төлеткізген. Бұл жөнінде оның анасы Мария Савченко хабарлаған.

"Адвокат Николай Полозов Надеждаға Украинаға қайту үшін құжаттарын қайтарғанын айтты. Алдымен ол бірнеше құжаттарға келісетінін білдіріп қол қою керек екен. Онда ол шекараны кесіп өтіп, босқын мәртебесін сұрадым деп мойындау керек екен. Адвокат Надежданың оны оқып күлгенін айтты. Онда сонымен бірге айыппұл бар екен. Полозов оған егер айыппұл төлемесек, құжаттарды қайтармайтынын түсіндірген. Кейін ол келіскен. Ақшаны консул төлеген", – дейді Мария Савченко Киевтегі "Батырлардың анасы" фотокөрменің ашылуынан кейін.

4 мамырда Ресейдің Жазаны өтеу федералды қызметі украин азаматшасын еліне қайтару үшін қажетті құжаттарды жинауды бастаған. Алайда олар алдымен құжаттың барлығын Ресейдің әділет министрлігіне жіберетінін ескерткен.

Ұшқыш Надежда Савченко ресейлік екі журналисті өлтірді деген айыппен 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда Савченко өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

XS
SM
MD
LG