Ссылки доступа

«Панама құжаттары» интернетте жарияланды


«Панама құжаттары» ісінде жаңа бетбұрыс. 200 мыңнан астам офшорлық компания туралы мәлімет жинақталған мұрағатпен offshoreleaks.icij.org. іздеу базасынан онлайн танысуға болады.

Интернеттегі құжатта панамалық Mossack Fonseca заңгерлік компаниясының миллиондаған мәліметтерінің үзінділері бар.

Зертетуші журналистердің халықаралық консорциумы бұған дейін "Панама құжаттарына" арналған мақалалар топтамасын жариялаған болатын. Жұртшылық бірқатар саясаткер, шенеунік, поп-жұлдыздар мен спортшылардың құпия байлықтарын қалай жасырғанынан хабардар болды.

Консорциум осы жұмыс арқылы әлемдік қауымдастыққа бай адамдарға салықтан жалтаруға, ал жемқор шенеуніктерге заңсыз жолмен тапқан ақшасын жасыруға мүмкіндік беретін офшорлық банк жүйесінің қалай істейтінін көрсетуді мақсат еткенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG