Ссылки доступа

Түркіменстанда қырғыз дипломаты контрабандамен ұсталды


Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Түркіменстанда ұсталған адамның қырғыз елшілігінің қызметкері екенін растады.

Ресми дерек бойынша, 36 жастағы Манас Осмонов дипломатиялық қызметте техникалық қызметкер боп істеген. Мәлімдемеде оның өз көлігімен Түркіменстаннан басшылықтың рұқсатынсыз кетпекші болғаны жазылған. Түркіменстан билік орындары қамауға алған соң, осмонов После задержания властями Туркменистана, Осмонов қызметінен босатылған. Бұған дейін Түркіменстан ақпарат құралдары Осмоновтың былтыр 17 көкекте «Фарап» шекара бекетінде ұсталғанын, оның Toyota Highlander көлігінен ірі көлемде заңсыз темекі өнімдері табылғанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG