Ссылки доступа

Ауғанстан президенті Душанбеге келді


Бүгін таңертең Душанбеге ресми сапармен Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғани ұшып келді. Жоғары мәртебелі мейманды әуежайдан ел премьер-министрі Кохир Расулзода күтіп алды.

Бүгін Ашраф Ғани Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездеседі. Бейсенбі,12 мамырда ауған елінің басшысы Қырғызстан мен Тәжікстаннан Ауғанстан және Пәкістанға электр қуатын жеткізетін САSA-1000 жобасының тәжік бөлігінің ашылу салтанатына қатысады.

Ашраф Ғани осы жерде салтанатты шараға келетін Қырғызстан президенті және Пәкістан премьер-министрімен келіссөз жүргізеді.

Тәжікстан мен Ауғанстан 1992 жылдың 15 шілдесінде дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Екі ел арасында түрлі сала бойынша 80-нен астам құжатқа қол қойылған. Былтыр тәжік-ауған сауда айналымы 104 млн АҚШ долларына жетті. Екі елдің байланысының нығайып келе жатқанын автокөлік және теміржол құрылысы, су және газ құбырлары, электр қуатын тасымалдау желісі құрылыстары бойынша ірі жобалардың жүзеге асып жатқаны қуаттай түседі.

XS
SM
MD
LG