Ссылки доступа

Қырғызстан: бір депутаттың басында 3 кабинет


Парламенттің бұрынғы спикері, депутат Асылбек Жээнбеков Жоғорку Кеңеш ғимаратының үшінші қабатындағы 3 кабинетке жайғасатын болды. Қазір оларды біріктіруге байланысты жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Азаттық» тілшісінің хабарлауынша, бірінші кабинет - жұмысқа, екіншісі - қонақтарды күтуге, үшіншісі - демалуға арналған. Жұмыс кабинетінде жеке дәретхана салынады.

Бұған дейін Асылбек Жээнбеков үшін төрт кабинеттің біріктірілетіні туралы хабарланған еді. Бұл жаңалық әлеуметтік желіде қатаң сынға ұшырады.

Асылбек Жээнбеков парламенттің V және VI шақырылымында спикер болды. 13 көкекте бауыры Сооронбой Жээнбековтің премьер-министр боп тағайындалуына байланысты ол спикерліктен кеткен болатын. Заң бойынша, туыс адамдарға елдегі жоғарғы мемлекеттік лауазымдарды иеленулеріне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG