Ссылки доступа

Сирияда қаза тапқан ресейлік әскерилердің ескерткіші қорланды


Белгісіз біреулер Сирияда қаза тапқан Ресей Батыры, Су-24 бомбалаушы ұшағының командирі Олег Пешков пен Ерлік орденімен марапатталған теңіз жасағының сарбазы Александр Позыничтерге орнатылған Амур облысындағы "Амур" (Чита – Хабаровск) федералды жолындағы ескерткішті бүлдіріп кеткен.

ІІМ аймақтық басқармасының ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Инна Карташова бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

2015 жылдың желтоқсанында "Амур" федералды тас жолының бойында, Возжаевка елді мекенінің маңында Приамурьеде жеті жыл қызмет еткен Олег Пешков пен Александр Позыничке ескерткіш қойылған. Пешков туралы ескерткіш тақтада Ресей Батыры жұлдызы, бомбалаушы ұшақ пен балауыз шам бейнеленген және "Ол қауіптің бетіне тік қарайтын, бірақ ту сыртынан соққы алды" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG