Ссылки доступа

Діни ұйым жетекшісін өлім жазасына кескен үкім орындалды


Бүгін Бангладеште елдегі көне діни партияның жетекшісі өлтірілді. 72 жастағы Мотиур Рахман Низами 11 мамырда Дакка қаласындағы орталық түрмеде дарға асылды.

Өткен аптада оның үкімге берілген шағымын қарамау туралы шешім шыққан. Рахман Низами 1971 жылғы тәуелсіздік үшін соғыс кезінде ауыр қылмыстар жасады деп айыпталды.

Бангладештің барлық өңірінде дарға асудың алдында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жүздеген адам жазаның орындалғанын құптап, көшеге шықты. Низамидің жақтастары түрме алдында қарсылық шарасын өткізді.

Джамаат-э-Ислами партиясының жетекшісі адам өлтірді, әйел зорлады және зиялыларды өлтіруді ұйымдастырды деп айыпталды. Ислам партиясы қайраткерлерінің үстінен қозғалған іс пен 2013 жылы шыққан үкім бүкіл Бангладешті шарпыған зорлық-зомбылық толқынын туғызды.Бес жүзге жуық адам тәртіпсіздік құрбаны болды,мыңдаған адам түрмеге қамалды.

XS
SM
MD
LG