Ссылки доступа

Тәжікстандағы табиғат апатынан адамдар қаза тапты


9 мамыр күні Соғды облысында болған селдің салдарынан 3 адам көз жұмды. 10 мамырда құтқарушылар табиғат апатының соңғы құрбанының денесін судан шығарып алды.

ТЖ жөніндегі штаб бүкіл облысқа төккен 9 мамырдағы нөсер жауыннан Айни және Пенджикент елді мекендерінің айрықша зардап шеккенін хабарлады. Апаттан автокөлік жолы қирап, Айни ауданының орталығымен байланыс үзілген.

Соғды облысының басшылары селден келген зардаптың үлкен болғанын айтады: ондаған үй, мектеп және аурухана зақымданған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жүздеген гектар жер жарамсыз боп қалды.

Тәжікстанның гидрометерология жөніндегі Агенттігінің қызметкері Джамила Убайдуллоева алдағы екі күнде елдің барлық аумағында нөсер жауын жауып, қатты жел тұратынын ескертті.

Синоптиктер жауын-шашын салдарынан Кофарнихон, Варзоб, Хингоб, Яхсу және Кизилсу өзендері тасуы мүмкін деп болжайды. Бұл жағдайда өзен аңғарларындағы егістіктер мен тұрғын үйлерге су басу қаупі төнеді.

XS
SM
MD
LG