Ссылки доступа

Надежда Савченконы ресейлік әскери қызметкерлерге алмастыру ісі тоқтап қалды


Адвокат Оксана Соколовская бұған дейін Ресей және Украина президенттері рақымшылық жасаған соң сотталғандарды алмастыру туралы келісімге қол жеткенін хабарлады.

Адвокат Оксана Соколовская Киев соты РФ ҚК Бас штабының Бас Барлау Басқармасының әскери қызметшілері деп таныған Евгений Ерофеев пен Александр Александровты украин ұшқышы Надежда Савченкоға алмастыру ісінің тоқтап қалғанын мәлімдеді.

– Бәріміз түсінгеніміздей бұл - екіжақты келісім. Ресей де, Украина да мәселеге байланысты ойланып жатыр. Әзірге орындалмаған бірқатар келісім бар. Тараптар Ерофеев пен Александровқа шығарылған үкімнің күшіне енуін күтіп отыруы да мүмкін. Бірақ, мен қазір сотталғандарды алмастыру болмауы мүмкін деген қорытынды жасадым. Және апелляция бермеген жағдайда біздің қорғауымыздағы адамдар одан әрі шағымдану құқығынан айырылады. Біз заңсыз деп санайтын үкімге адам құқығы жөніндегі Еуропалық сотқа шағымдану мүмкіндігінен айырылып қаламыз. ", – деді Оксана Соколовская Радио Свободаға берген сұхбатында.

Оның сөзінше, бұған дейін сотталғандарды Ресей мен Украина президенттері рақымшылық жасағаннан кейін алмастыру туралы келісімге қол жеткен болатын.

XS
SM
MD
LG