Ссылки доступа

ИМ смартфондар үшін балалар тіркемесін жасап шығарған


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Android базасындағы смартфондар үшін қосымша жасап шығарды деп хабарлайды BBC.

Жиһадшылар қосымшалар жөнінде әлеуметтік желілерде кеңінен таратып, оларды жүктеу үшін сілтемелерді жариялап жатыр. Олардың сөздерінше, бұл бағдарлама балаларға араб тілін үйренуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік желілерде жарияланған скриншоттарға қарағанда, әрбір әріптер иллюстрация арқылы бейнеленген. Онда сонымен бірге әрбір тақырыптарға арналған әндерді де тыңдауға болатыны көрсетілген. Алайда егер бала бір әріпті басатын болса, онда мылтық дегенді білдіретін араб сөзі шығады. Келесі әріпте танкінің суреті шығады.

Алдын ИМ Android базасындағы телефондар үшін қосымша шығарған. Оның көмегімен жиһадшылардың жақтастары соңғы жаңалықтарды біліп отырған. ИМ содырлары өз мақсаттары үшін замануи техника түрлерін белсенді түрде пайдаланып келеді.

XS
SM
MD
LG