Прокуратура Рахматов елдің ішінде ИМ-ға қосылғысы келетін адамдарға көмектесті, сонымен бірге Сирияға кетуге ниеттенген адамдарға ақша жинаумен айналысты деп есептейді.
Рахматов Бруклинде тұратын тағы бір өзбекстандық азамат Абдурасул Джурабоев сайттардың бірінде ИМ-ді қолдайтын пост жазғаннан кейін күдікке ілінген. Тергеу барысында ол және Бруклинде тұратын Қазақстан азаматы Акмал Закиров Сирияға барып, экстремистер қатарына қосылуға ниетті болғаны анықталған.
Рахматов және Аброр Хабибов, Дильхайот Касимов пен Акмал Закиров 2015 жылдың ақпан айында Нью-Йорк әуежайында Стамбұлға ұшпақ болған жерінен ұсталған Сайдахметовке көмектесу үшін ақша жинаған. Былтыр тамыз айында Джурабоев кінәсін мойындаған.