Ссылки доступа

Келіншегін пәктігі жоқ деп айыптағаны үшін айыпқа ілінді


Тәжікстанда сот жергілікті тұрғынды келіншегін пәктігі жоқ деп айыптағаны үшін 600 сомони көлемінде айыппұл төлеткізді.

21 жастағы Муминабада Мадина Хаким күйеуін пәктігі жоқ деп айыптағаны үшін сотқа берген. Сот медициналық сараптамасынан өткен келіншек күйеуінен моральдық өтемақы ретінде 10 мың сомони (шамамен 1270 доллар) талап еткен. Алайда Муминабад аудандық соты күйеуінің материалдық жағдайының ауыр екенін есепке алып, 600 сомони (шамамен 76 доллар) айыппұл төлеу жөнінде шешім шығарған.

Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы республикалық сот медициналық сараптама орталығына пәктікті анықтау үшін 600 арыз келіп түскен. Әдетте мұндай өтінішпен пәктігі жоқ деп айыпталған қалыңдықтың ата-анасы келеді екен.

XS
SM
MD
LG