Ссылки доступа

Астанада "жер мәселесі" комиссиясының отырысы өтеді


Қазақстан премьер--министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссияныңалғашқы отырысы Астанада 14 мамырда болатынын хабарлады.

Сағынтаевтың сөзінше, комиссия құрамына 75 адам: сенат пен мәжіліс депутаттары, үкімет мүшелері, мемлекеттік орган, саяси партия, агробизнес, өкілдері, ғалымдар, азаматтық белсенділер кірген. Үкімет комиссия жұмысына сонымен бірге биыл облыс және Алматы мен Астана қалалық әкімдіктерінде құрылған қоғамдық кеңестер де тартылатыны хабарланды.

Бақытжан Сағынтаев комиссия жұмысы туралы ақпараттың Jerturaly.kz порталында жарияланып тұратынын айтты.

«Жер мәселесі жөніндегі» комиссия құру туралы жоспарды Қазақстан билігі жер кодексінің кейбір өзгертулеріне өткен аптада енгізілген мораторийден кейін мәлімдеді. Мораторий Қазақстанның бірқатар қаласында өткен жаппай қарсылық митингілерінен кейін енгізілді. Наразылық шарасына қатысқандар шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін ұзақ мерзімге жалға бермеуді және жерді ешкімге жекеменшіке сатпауды талап етті.

XS
SM
MD
LG