Ссылки доступа

Өзбекстанда дрон қолданғаны үшін жазаға тартылуы мүмкін


Өзбекстанның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі біріңғай порталында "Қылмыстық кодекс және әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы талқыланып жатыр.

Заң жобаларында ұшқышсыз ұшақты (дрон) пайдаланғаны үшін 15 тәуліктен 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Құжатта Өзбекстан аумағында дронды рұқсатсыз қолданғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген деп хабарлайды "Норма".

Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, әуе кеңістігін заңсыз пайдаланғаны үшін, оның ішінде ұшқышсыз ұшақты қолданғаны үшін 100-200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, мүлкі тәркіленіп, 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Егер заң бұзушылық қайталанған жағдайда, жауапқа тартылушыға қылмыстық іс ашылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанға ұшқышсыз ұшақ кіргізуге, пайдалануға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG