Ссылки доступа

"Шетел агенті" Қырғызстанда әзірге болмайды


Қырғызстан парламенті шетелден қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасына қарсы дауыс берді. Заң жобасының алғашқы оқылымында 65 депутат оған қарсы болды, 46 депутат қолдады.

Құқық қорғаушылар бұл құжатты "үкіметтік емес ұйымдарды кемсітеді және халықаралық талаптарға қайшы келеді" деп сынайды.

Заң жобасы алғаш 2013 жылы ұсынылған. Ол Ресейде қабылданған заңға ұқсас болған. Құжат шетелден қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдардың бәрін "шетел агенті" ретінде қайта тіркелуге міндеттейді. Сарапшылардың көпшілігі "заң жобасының негізгі мақсаты - билікке қарсылардың үнін өшіру" деп санайды.

Сәуірде Қырғызстанда заң жобасының кезекті нұсқасында "шетел агенті" деген сөз "шетелдік үкіметтік емес ұйым" деп өзгертілген. Онда сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың есебін тапсыру ережелері де жеңілдетілген. Осыған қарамастан құқық қорғаушылар заң жобасына қарсылық танытып отыр.

Қырғызстанда бес мыңға жуық коммерциялық емес ұйым тіркелген. "Коммерциялық еместіктердің құқықтары" халықаралық орталығының есебі бойынша, олардың 65 пайызы шетелден қаржыландырылады.

XS
SM
MD
LG