Ссылки доступа

БҰҰ Астананы наразыларды қудаламауға шақырды


БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі сарапшылары Қазақстан билігін үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру жоспарына ашық қарсы шыққан белсенділерді қамап, қылмыстық қудалауды тоқтатуға шақырды.

Сәуірдің соңы мен мамырдың басында Қазақстанның бірнеше қаласы - Атырау, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Жаңаөзен, Қызылорда, Орал, Алматыда үкіметтің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру және шетелдіктердің үлесі бар қожалықтарға сату жоспарына наразы азаматтар ірілі-ұсақты митингілер, жалғыз адамдық пикеттер өткізген еді. Митингке қатысқан кейбір белсенділерге "қоғамдық алауыздық тудырмақ болды" деген айып тағылған.

Өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексінің дау тудырған баптарының күшіне енуіне 2016 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін мораторий енгізді.

XS
SM
MD
LG