Ссылки доступа

Сирияда "Хезболла" командирі қаза тапты


Сирияда жарылыстан "Хезболла" ұйымының жоғары шенді әскери командирі Мустафа Бадреддин қаза тапты.

Ұйым командирінің нақты қандай жағдайда қаза болғанын айтпағанымен, Бейруттағы осы топқа жақын "әл-Маядин" телеарнасы оның Израиль әуе шабуылынан мерт болғанын хабарлады. Израиль жағы әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсінік бермеді.

Бадреддин Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Харириді өлтіргені үшін сырттай сотталған төрт адамның бірі болған. Бадреддиннің өлімін хабарлаған "Хезболла" 13 мамырда "Ол 1982 жылдан бері ислам қарсыласу операцияларының көпшілігіне қатысты" деп мәлімдеді.

"Хезболла" 2008 жылы ұйымның әскери қанатының басшысы Имад Мугния Дамаскіде бомба жарылысынан қаза тапқаннан бері мұндай ірі қолбасшысынан айырылмаған.

XS
SM
MD
LG