Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар президентті сотқа бермекші


Қырғызстанда бірқатар құқық қорғаушылар елдің президенті Алмазбек Атамбаевты сотқа бермекші. Бұл жөнінде "Қылым шамы" деп аталатын құқық қорғаушылар орталығының директоры Азиза Абдирасулова Бішкекте өткен наразылық акциясы кезінде мәлімдеді.

"Егер президент ресми түрде айтқан сөздері үшін кешірім сұрамаса, біз оны сотқа береміз". "Кылым шамы" 2003 жылдан бері мемлекет басшысының сөздеріне мониторинг жүргізіп келеді. Бұл жолы біз мән бермеген едік. Бірақ оның сөйлеген сөздері президенттің ресми сайтына шықты. Бұл алдын ала ойластырылған. Біз қатты наразымыз" – деді Абдирасулова.

Еске сала кетейік, өткен аптада "Халық парламенті" қоғамдық бірлестіктің лидерлері билікті күштеп тартып алмақ болды деп ұсталған болатын. 12 мамырда "Халық парламенті" ұйымдастырған отырысқа құқық қорғаушылар Азиза Абдирасулова мен Толейкан Исмаилова да қатысқан болатын.

14 мамырда Ана күніне арналған шарада Қырғызстан президенті "Халық парламенті" мүшелері елдегі жағдайды тұрақсыздандырғысы келеді деп құқық қорғаушыларды "шетелдік гранттарды адал атқарып жатқандар" деп атады.

Президентті аталған сөздері үшін Құқық қорғаушылар президенттің атына хат жазып, кешірім сұрауды талап етеді.

XS
SM
MD
LG