Ссылки доступа

Иранда хиджабсыз суретке түскендерді тұтқындады


Иран билігі хиджабсыз суретке түскен бикештердің суреттерін әлеуметтік желілерге жариялады деп сегіз адамды күдікті ретінде тұтқындады.

Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Instagram желісін пайдаланған 170 адам анықталған. Олардың ішінде 58 модель, 51 киім дизайнері, 59 фотограф және визажист Иранның дәстүрін бұзбақ болды деп айыпталуда.

29 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Полиция оларды негізгі менеджерлер әрі желіге қатысушылар деп отыр. Репортажда бір әйелдің ақша үшін хиджапсыз суретке түсіп, желіге жариялағанын мойындағанын көрсеткен. Оған әзірге қандай айып тағылғаны белгісіз.

Иранның мемлекеттік телеарнасы алдын да қысыммен мойындатқан хабарларды бірнеше рет көрсеткен. Өткен аптада Иранның жоғарғы лидері аятолла Али Хаменеи интернет – "күрес алаңы", онда діни қызметкерлер мен студенттер "қате идеялармен күресу керек" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG