Ссылки доступа

Тәжікстанда тағы да бес "салафит" сотталды


Судья Сайфиддин Мухиддинзода 23 жастағы Абдулхамид Муннаваров, 24 жастағы Умедджон Амонов, 22 жастағы Сиратулло Саидов, 26 жастағы Мансур Торунов және 26 жастағы Додарбек Мухаббатов бірінші рет заң бұзып отырғандықтан, кәмелетке толмаған балалары болғандықтан оларға жазаны жеңілдеткенін мәлімдеді.

Сот отырысы барысында прокурор сотталушылар мешіттерде, жиындарда Салафия ағымының экстремистік көзқарастағы идеологиясын таратып жүргенін айтты. Атап айтқанда, олар халықты құран оқудың үлгісін өзгертуді, қайтыс болғандарға дұға оқымауға шақырған.

Судья Сайфиддин Мухиддинзоданың сөзінше, сотталушылардың үйлерінен "Салафия" ағымына үгіттейтін әдебиеттерді, бейнетаспаларды тапқан. Олардың бәрі тәркіленген. Айыпталушылардың барлығы үстіміздегі жылдың 11 ақпанында ұсталған.

XS
SM
MD
LG