200 адам лаңкестік шабуылдан жапа шеккен деп танылған. Олардың ішінде 40 адам 50 ден 700 миллион рубль сомасында өтемақы талап етіп отыр.
Жапа шеккендердің өтемақысын төлеу мақсатында "Домодедов" қожасы арнайы қор құрмақ. Каменщиктің өтемақы төлеуге дайындығы әуежай менеджерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуы мүмкін деген ақпар бар.
Дмитрий Каменщик 2011 жылы 24 қаңтардағы лаңкестік шабуылға байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетті деген айыппен ақпан айынан бері үй қамауында отыр. Әуежайдың ұшып келу залында жанкештінің өзін жарып жіберуінің кесірінен 37 адам көз жұмып, 170 жараланды.