Ссылки доступа

Жыл он екі ай жарықсыз отырған мектеп (бейне)


«Жарық және жылы сыныптар». Тәжікстандағы Гусгеф қышлағының балалары өздерінің армандарын суретте осылай бейнелейді. Душанбеден 110 шақырым жердегі қышлақ электр қуатының не екенін білмей күн көруде. Балалар қыстың көзі қырауда жылытылмайтын суық сыныптарда оқуға мәжбүр.

Мектеп оқушылары егер білім алуға жағдай жасалса жақсы оқыр едік деп санайды. Балалардың арманының құны 16 мың АҚШ доллары тұрады. Бұл мектепте жағдайды жақсарту үшін Тәжікстанда «Күншуақты мектеп» шарасы өтуде. Шараның бастамашылары – халықаралық ұйымдарда істейтін жас жігіттер. Әлемге танымал краунфандинг әдісімен олар ауыл балаларының арманын орындағысы және елдің шетіндегі мектепте жақсы жағдай жасағысы келеді.

Бастамашыл жастардың бірі Наргис Джураева Азаттық Радиосына шараның уақыты 40 күн екенін айтты. «Осы уақыт ішінде біз 8 мың доллар жинауп үлгеруіміз керек. Егер осы соманы жинай алсақ, қалған 8 мың долларды БҰҰ хорват бюросы бермек. Бірақ біз қажет қаржыны жинап, оған мектепке күн панелін сатып ала аламыз деп ойлаймын», - дейді Джураева.

Гусгев қышлағының № 87 мектебінде 130 оқушы оқиды. Қышлақ теңіз деңгейінен 2 000 метр биіктіктегі Ромит аңғарында орналасқан. Мұнда ешқашан электр қуаты болмаған, адамдар дизель генераторының көмегімен үйін жылытып отыр.

Шара аясында мектеп оқушыларының суреттері де сатуға қойылды. Ұйымдастырушылар жергілікті және халықаралық ұйымдардан қаржы жинайды.

Школа, в которой круглый год нет света
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

XS
SM
MD
LG