Ссылки доступа

Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақта оқ атуды тоқтататындарын қуаттады


Армения мен Әзербайжан президенттерінің Таулы Қарабақтағы жағдайды бейбіт реттеу туралы келісімге қол жеткізгені туралы 16 мамырда Венада ресейлік, америкалық және француз арағайындығының арқасында өткен келіссөздерден соң мәлім болды.

Армения мен Әзірбайжан президенттері келесі келіссөзді маусым айында өткізуге келісті. АҚШ Мемлекеттік департаменті екі ел басшысының шиеленісті әскери жолмен шешуге болмайтынын мәлімдегенін хабарлады. Қарабақ бойынша Минск тобының тең төрағалары оқ атуды тоқтату туралы 1994 және 1995 жылғы келісімдерді сақтаудың маңыздылығына баса мән берген.

"Зорлық-зомбылықты азайту үшін, олар ЕҚЫҰ-да қысқа мерзімде тергеу жұмыстарын жүргізу тетігін аяқтауға келісті. Президенттер ЕҚЫҰ төрағасының жеке уәкілі Басқармасының мандатын кеңейтуге де уағдаласты. Және олар 2014 жылғы Париж саммиті кезінде қол жеткізілген хабарсыз кеткендер туралы мәліметтер алмасуға келісті", - делінген мәлімдемеде.

Әлиев пен Саргсян Венада екі ел арасындағы бітім бұзылып, төрт күн бойы Таулы Қарабақта қиян-кескі ұрыс болған көкек айындағы оқиғалардан кейін бірінші рет бетпе-бет кездесті.

XS
SM
MD
LG