Ссылки доступа

Тәжікстан референдум қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті


Тәжікстанда Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум күні қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейді.

ІІМ өкілдері "бүлікші топтардың әрекеттері" жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деп қосымша әскери күштерді тартып жатқандарын хабарлады.

Бас полиция өкілінің айтуынша, саяси іс-шаралар болар алдында әлемнің кез-келген елдері ең алдымен қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Себебі, әр кезде тәртіпті бұзуға дайын күштер болады деп түсіндіреді. Ресми өкіл соңғы 25 жылда Тәжікстанда сайлаулар тұрақты әрі бірқалыпты өткеніне қарамастан, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін күш құрылымдарын жұмылдыру қажет деп санайды.

Қазіргі уақытта қаланың негізгі көшелері мен даңғылдарында жаяу қарулы милицияның саны артқан. Көптеген кәсіпорындар мен мекемелерде түнгі кезекшілік орын алған және әкімшілік ғимараттарға күзет қойылған. Мұнан бөлек, әрбір әкімшілік ғимараттарда екі милиция қызметкері кезекшілікте тұратын болады.

Тәжікстанда бүкілхалықтық референдум 22 мамырда өтеді.

XS
SM
MD
LG