Ссылки доступа

БАҚ: Мәскеу мазарындағы төбелес тұрмыстық себептен туындаған


Мәскеу жанындағы қорымда болған төбелес қылмыстық іске қатысы бар адам мен еңбек мигранттары арасындағы келіспеушіліктен туындаған. Бұл болжамды ресейлік "Коммерсант" газеті жазады.

Газетке сұхбат беруші мигранттарды жалдап жұмыс істеткен деп шамаланған тапсырыс беруші жұмысшылардың еңбегіне ақша төлеуден бас тартқан. Келесі күні жұмыс беруші тас-талқаны шыққан қорымды көреді. Ер адам көмекке спортпен айналысатын таныстарын шақырады. Газеттің жазуынша, олар мигранттардың "сазайын бермек" болған. Алайда мигранттар да қарсыласып, көмекке жерлестерін шақырған. Нәтижесінде жаппай төбелес болып, оқ атылған.

Бұл болжам бойынша, төбелесті ұйымдастырушы деп күдіктеліп отырған қорымның бұрынғы директоры Юрий Чабуев шын мәнінде кикілжіңді болдырмауға күш салған.

Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 14 мамырда Хован мазарында болған атысқа шамамен 200 адам қатысқан. Төбелес кезінде үш адам қайтыс болған, жиырмасы ауруханаға жатқызылған. Жүзге тарта адам ұсталған. Тергеу ісі бойынша, төбелес қаржылық себептен туындаған.

XS
SM
MD
LG