Ссылки доступа

ІІМ: "Халықтық парламент" митингке қатысу үшін азаматтарға ақша төлеген


"Халықтық парламент" қоғамдық бірлестігі Бішкектегі Жеңіс алаңына митингке шығу үшін азаматтарға 1000 сомнан ұсынған. Бұл жөнінде ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Жеңіс алаңында жеті адамды құқық қорғау органдарының өкілдері ұстаған. Тергеу барысында Рашид және Съездбек деген азаматтар оларға акцияға қатысқаны үшін 1000 сом беруге уәде еткен.

Кейін 49 жастағы Абдурашид деген ер азаматты ұстаған. Ол милицияға өзін Болуш деп таныстырған. Ол Б. Т. дегеннің жұбайымен және туыстарымен таныс екенін, Жеңіс алаңында және Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанында митинг ұйымдастыру үшін 20 мың сом әкеліп бергенін айтқан. Істің бәрі заңдық тұрғыдан баға беру үшін Бішкектің ішкі істер басқармасына жіберілген.

Еске сала кетейік, "Халықтық парламент" бір ай бұрын құрылған. Өткен аптада бірлестіктің лидерлері ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан билікті күштеп тартып алмақ болды деген айыптармен тұтқындалды. 17 мамырда "Халықтық парламент" Жеңіс алаңында санаулы адамдар ғана қатысқан митинг өткізді.

XS
SM
MD
LG