Ссылки доступа

Осетинская: РБК-дағы жұмыстан шығарылу "панама ісіне" қатысты


РБК-ның бұрынғы шеф-редакторы Елизавета Осетинская холдингтің бірқатар қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуын "панама құжаттарымен" байланыстырады.

Financial Times газетіне сұхбат берген Осетинская президент Владимир Путиннің айналасындағы адамдардың офшорлы компаниялардағы деректері жарияланғаннан кейін, ол РБК журналистеріне бұл мәселені әрі қарай зерттеуді тапсырған. Оның пікірінше, РБК журналистері дұрыс қадам жасаған, себебі бұл құжат оқырмандар үшін қызық.

13 мамырда РБК жетекшілері газеттің бас редакторы Максим Солюсты, шеф-редактор Елизавета Осетинскаяны және РБК ақпараттық агенттігінің бас редакторы Роман Баданинді жұмыстан шығарған.

"Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы бұл оқиғаны Ресейде тәуелсіз журналистерді тыю әрекеті деп атады. Кремль болса, бұл оқиғаға қатысы барын теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG