Ссылки доступа

АҚШ: Ресейдің Сириядағы әскери мүмкіндіктері сол күйінде қалды


Биылғы жылдың наурызында ресейлік әскери күштердің негізгі бөлігін шығару туралы жарияланғанымен, Сириядағы Ресейдің әскери әлеуеті өзгермеген күйі қалған. Бұл туралы Пентагонның Бағдаттағы өкілі мәлімдеді.

France-Presse агенттігіне берген сұхбатында Пентагонның баспасөзбен байланыс жөніндегі өкілі Стивен Уоррен "Олардың әскери әуе күштері бар және олар Сирияда құрлықтағы әскерін, артиллериясын ұстап отыр. Олардың арнайы жасақтары сириялық режимге көмектесіп жатыр", -деді.

Оның сөзінше, Ресей әскері Сирияның Пальмира қаласында уақытша әскери базаға ұқсас тұрақ жасаған, әзірге оның уақытша база ма, әлде бұл базаның ұзақ мерзімді пайдалануға арналған ба, ол жағын айту мүмкін болмай тұр. "Олар Пальмираның іргесінде база жасақтаған... Және олар оның құрылысын жалғастыруда", - деп мәлімдеді Стивен Уоррен.

Сонымен бірге ол соңғы кездері ИМ экстремистік ұйымының ресейлік әскердің басты нысанасына айналғанын хабарлады. Әуе шабуылдарының алғашқы айларында ресейлік әуе күштері негізінен сириялық оппозиция күштерін соққыға алған еді.

XS
SM
MD
LG