Сотқа жүгінген оқытушылардың бірі Бахтиёр Сафаров тек қаңтар мен ақпан айының ғана айлығын алдық дейді. "Кейбір оқытушылар өздерінің таныстары арқылы айлықтарын алып алды, ал кімдердің таныстары жоқ, банкоматтан әлі күнге дейін ақша ала-алмай келеміз. Банкке бардық, олар көмектесе алмаймыз, бізде ақша жоқ дейді. Сондықтан да сотқа өтініш бердім, кейбір әріптестерім маған қосылды", - дейді ол.
"Тоджиксодиротбанктің" Куляб қаласындағы өкілдігі университет оқытушыларына ақша төленбегенін растайды. Олардың түсіндіруінше, банкте қолма-қол ақша жоқ. Олар таяу арада банк басшылығы өзгеріп, бәрі де қалпына келеді деп үміттенеді.
"Күнде 10-20 оқытушы келеді. Егер кассада ақша болмаса, біз қалай айлықтарын төлейміз. Қазір уақытша басшылық жұмыс істеп жатыр. Мүмкін маусым айынан бастап ақша болатын шығар, сол кезде клиенттерге ақшаны төлей бастаймыз, олардың ішінде университет оқытушылары да бар", - дейді банк өкілі.