Ссылки доступа

БАҚ: Түркияның жаңа премьер-министрі Бинали Йылдырым болады


Түркияның көлік, кеме қатынасы және байланыс министрі Бинали Йылдырым елдің билеуші Әділет және даму партиясының (ӘДП) атынан үкімет басшылығына жалғыз кандидат ретінде ұсынылады.

РИА Новости хабарлағандай, бұл жөнінде партияның баспасөз хатшысы Омер Челик 19 мамырда өткен партияның басқарушылар кеңесінің отырысынан кейін мәлімдеген.

Түркияда партияның лидері дәстүр бойынша елдің премьер-министрі болады.

"Бинали Йылдырымның кандидатурасын жексенбі күні болатын партияның съездінде қарайды", - деп мәлімдеді Челик.

Йылдырым 2002 жылы Әділет және даму партиясы атынан Түркия парламентіне сайланған, осыдан кейін 13 жыл бойында Түркияның көлік министрі болып келеді.

XS
SM
MD
LG