Ссылки доступа

Украинаның шығысында бітім шарты бұзылуда


Өткен тәулікте Донбасста украин әскериі қаза тапты, тағы бірі жараланды. Бұл туралы Украина президенті әкімшілігінің елдің шығысындағы әскери шаралар жөніндегі өкілі Александр Мотузяник хабарлады.

Киев сепаратистерді Донецк облысындағы Авдеевка қаласының төңірегін ірі калиберлі артиллериялық жүйені қолданып "екі рет күшті оқ жаудырды" деп айыптады. Шабуыл кесірінен жергілікті бір тұрғын жарақат алған.

Өзін өзі жариялаған "Донецк халықтық республикасы" бұған жауап ретінде украин әскерилері тарапынан 200 мәрте оқ атылғанын мәлімдеді. Сепаратистердің сөзінше, Александровка, Трудовский, Спартак, Саханка, Коминтерново және Жабичево елді мекендерінің мина шабуылының астында қалған-мыс.

Украинаның қорғаныс министрлігі 2014 жылдың көктемінен бері Донбасста 2 600 украин әскери қызметшісінің қаза тауып, 9 мыңнан астамының жараланғанын хабарлады.

Киев пен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы сепаратистерге әскер мен қару беріп, қолдау көрсетуде деп айыптайды. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

XS
SM
MD
LG