Ссылки доступа

Қазақстанда Азаттық сайты әлі ашылмай тұр


Қазақстанда 20 мамырдан бастап rus.azattyq.org және azattyq.org сайттары ашылмай тұр. Сайттың мобилді қосымшасы да ашылмайды. Сенбі күні https://azatkaz.info қауіпсіз порталы да істемей қалды.

Азаттық сайты Қазақстаннан тыс жерде ашылып тұр және VPN-қосу мен анонимайзерлер арқылы кіруге болады.

21 мамыр сенбі күні Қазақстанның бірқатар қалаларында журналистер мен құқық қорғаушыларды қоса жүздеген адамды ұстады. Полиция "жер мәселесіне қатысты" рұқсат етілмеген митингті өткізбеуге барлық амалын жасады.

Ұсталғандардың ішінде Азаттық радиосының Алматы, Астана, Орал, Атырау және Шымкент қалаларының тілшілері де болды. Бірнеше сағат өткеннен кейін барып, полиция журналистердің видеокамера, смартфондарына түсірген бейнежазбаларын өшіріп, тілшілерді босатқан.

XS
SM
MD
LG