– Бұл тізім СІМ консул бөліміне жіберілді. Онда оларды тексереді. Менің түсінуімше қара тізімге ілінген адамдарды азаматтықтан айырады. Қайтадан қалпына келтірмейді, – дейді Азаттыққа сұхбат беруші.
Күзетші махалладағы ІІМ тарапынан жүргізілетін есепсіз бақылаулардан кейін таяуда жұмыстан шығып кеткенін айтады.
– Қазір әрбір махаллада арнайы штаттың 4 адамы жұмыс істейді. Олар әрбір үйге кіріп, отбасында қанша адамның шетелге кеткенін сұрап, анықтайды. Соңғы рет қашан болғанын да сұрайды. Шетелге кеткендердің тізімін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жібереді. Қайтып келгендерді ІІМ-ге жібереді. Егер азаматтың кеткеніне үш жылдай болса, оларға туыстары қоңырау шалып, қайтып келулерін сұрап жатыр, сосын проблема туындамас үшін, – дейді бұрынғы күзетші.
Үстіміздегі жылдың ақпан айында Өзбекстанның ІІМ шетелге кеткен 75 мың азаматты арнайы тіркеуге тұрғызғанын мәлімдеген. Сонымен бірге қайтып оралған 70 мың азаматпен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.