Ссылки доступа

Өзбек оқушысы президент Каримовтың ақ шаштарына қызығады


Өзбекстанда әлеуметтік желілерде Ферғана облысы Кувин ауданы № 64 мектептің 4 сынып оқушысы Махсума Абдулахадованың Юртбашына (Елбасы) арнап жазған өлеңі кеңінен таралды.

"Біз – ұлы даланың балаларымыз" деп аталатын фестиваль Өзбекстанның мәдениет және спорт министрлігінің және "Камолот" жастардың қоғамдық қозғалысы, "Узбекнаво" эстрадалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен.

Оқушы қыз өлеңінде Ислам Каримовты өзі тұратын қышлаққа қонаққа шақырады. Кішкентай қыз сонымен бірге Ислам Каримовтың ақ шаштарына қызығатынын және оған өзінің әрбір тал шаштарын айырбастауға дайын екенін өлеңмен жеткізген. Махсума өскеннен кейін Каримоваға арнап міндетті түрде поэма жазатынын айтады.

Өзбекстанда Ислам Каримовты "Біздің құрметті президент", "Біздің құрметті Юртбаши" немесе "Біздің тәуелсіздігіміздің архитекторы" деп атайды.

XS
SM
MD
LG