Ссылки доступа

Жерорта теңізінде 2 000-ға жуық босқын құтқарылды


Ливиядан Еуропаға қарай бет алған 2 мыңға жуық босқын 23 мамырда Жерорта теңізінде құтқарылды. Италияның екі әскери кемесі 500 шақты босқынды қабылдаған, тағы 800 адамды "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының кемелері құтқарған, қалғандары ирландиялық әскери кемеден пана тапты.

2016 жылдың наурызында балқан бағыты жабылып, босқындар туралы Түркиямен келісімге қол қойылған соң, солтүстік Африкадан Еуропаға бет алған босқындар теңіз жолын жиі пайдалана бастады.

Бұл ретте Еуроодақ заңсыз миграцияның алдын алу үшін Ливия жағалауларына әскер жіберу мәселесін шешуді асықтыруда. Ливияның жаңа үкіметінің рұқсатын алған соң ЕО мүше елдердің СІМ басшылары Брюссельде "София" деген ат алған операцияны бастауды мақұлдады.

Еуроодақ жауынгерлері босқындарды заңсыз таситындармен күресте қолданылмақ. БҰҰ дерегінше, қазір Ливияда 1 миллионға дейін босқын бар. ЕО олардың басым бөлігі Жерорта теңізі арқылы Еуропаға келуді көздейді деп қауіптенуде.

XS
SM
MD
LG