Ссылки доступа

Стамбулда табылған қырғыздың жалған төлқұжаттары қажылық үшін дайындалған


Бұл туралы парламент комитетінің отырысында мәлім болды. Бұған дейін 17 мамырда Ата-Түрік әуежайында қырғыз төлқұжаты бар 98 қытайлық ұйғырдың ұсталғаны туралы хабарланған еді. Олар Сауд Арабиясына бармақ болған. Бұл іс бойынша 4 қырғыз азаматы ұсталды.

Қырғызстанның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Бас прокурордың орынбасары Қылычбек Тоқтогұловтың сөзінше, 4 қырғыз азаматының төлқұжатты қолдан жасағандары дәлелденсе, Қырғызстан Түркиядан оларды отандарына қайтаруын сұрайтын болады.

Отырыста сөйлеген ҚР Мемлекеттік тіркеу қызметінің басшысы Тайырбек Сарпашев төлқұжаттардың нағыз иелерінің Қырғызстанда тұратынын, ал шетелдіктердің жалған құжаттармен ұшқанын айтты.

Оның сөзінше, алаяқтар азаматтардың төлқұжаттарын кіші қажылыққа тегін бару лотореясын ойнатамыз деген алдаумен жинап алған. «Өздеріне қажет мәліметтерді көшіріп алған соң, құжаттарды иелеріне қайтарып берген. Сөйтіп шетелдіктерге арналған жалған төлқұжат дайындаған», - деді Сарпашев.

XS
SM
MD
LG