Ссылки доступа

Қырғызстан қазақ министрінің сөздеріне наразылық білдірді


Ресми Бішкек Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 24 мамырда Ресейдегі қырғыз мигранттары туралы айтқан сөздеріне наразылық білдірді.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның елші-кеңесшісі Ербол Ахметовке БАҚ беттеріндегі министр Арыстанбек Мұхамедиұлының сөздеріне байланысты наразылық нотасын табыстады. Бішкек министр Мұхамедиұлының Қырғызстан қоғамында үлкен жағымсыз қарымта әсер тудырған Қырғызстан туралы қорлайтын мағынадағы сөздері бауырлас қырғыз-қазақ қарым-қатынасына кері әсер ететінін мәлімдеді.

Қырғызстан СІМ сонымен бірге, Қазақстан жағынан соңғы кездері Қырғызстан жайлы біржақты пікір айтудың жиілеп кеткенін, олардың Қазақстанның мемлекеттік телеарналары арқылы тарап жатқанын да мәлімдеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының қырғыз мигранттары жайлы сөздері Қырғызстанда ғана емес, Қазақстанда да қорлау есебінде қабылданды, көптеген танымал тұлға мен әлеуметтік желіні қолданушылар қазақ министрінің сөздерін сынға алды.

XS
SM
MD
LG