Ссылки доступа

Генерал Павел: НАТО Ресейдің Украинадағы агрессиясына жауап қайтарады


НАТО әскери комитетінің төрағасы генерал Павел егер Ресей Шығыстағы НАТО-ға мүше елдерге қарсы Қырым немесе Украинадағыға ұқсас әрекет жасаса, ұйымның оған жауап қайтаруына мәжбүр болатынын мәлімдеді.

Генерал Петр Павел Азат Еуропа/Азаттық радиосына әскери одақтың шығыста әскери күшін шоғырландыруы Грузия, Украина және Сириядағы ресейлік әскери әрекеттерге берілген тікелей жауап екенін мәлімдеді.

Чехия өкілі боп табылатын генерал Павел "егер Грузия, Украина, Қырым және Сирияда ресейлік тараптың шабуылдауы өршімегенде, НАТО да мұндай қадамдарға бармас еді" - деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, солтүстік атлантикалық одақ және оған мүше шығыс елдері "ресейлік астамшылықтан туған қауіпті, Ресей тарабынан басқыншылық саясатын сезініп отыр". Павел Ресеймен шектесетін елдердің "НАТО күштерінің бар екенін және НАТО-ның әрекет етуге дайын екенін сезінгісі келетінін" айтты.

XS
SM
MD
LG