Ссылки доступа

Үнді соты Өзбекстан азаматшасын түсіне алмай отыр


Hindustan Times басылымының жазуынша, 37 жастағы Өзбекстан азаматшасы Барно Жураева бес ай бойы Үндітандағы Bhopal түрмесінде отыр. Әйел өзіне ұйқы дәрісін беріп, көрші Непалдан ұрлап кеткенін айтады.

Үндістанның жетекші басылымы Hindustan Times Өзбекстан азаматшасының өзіне тағылған айыпты түсінуге мүмкіндік беретін бір де бір жергілікті тілді білмейтінін жазады.

«Айыпталушы не хинди, не ағылшын тілдерін білмейді. Ол тек өзбекше сөйлейді. Полиция өзіне тағылған айыпты түсінбей отырған әйелді түрмеге қамап қойды. Полицейлер оның төлқұжатын алып қойған», – дейді Hindustan Times басылымына сұхбат берген құқықтық кеңесші Манодж Шривастава (Manoj Shrivastava). ​

Полиция Жураева былтыр 26 шілдеде Непал мен Үндістан шекарасынан заңсыз өтіп, содан бері үнді аумағында заңсыз тұрып келген деп санайды.

Былтырғы жылдың 10-желтоқсанынан бері Жураеваның ісі бойынша сегіз сот отырысы өткен және олардың ешбірінде өзбек тілін білетін аудармашы болмаған. Үндістандағы Өзбекстан елшілігіне әлі күнге дейін өз азаматының тағдыры туралы хабарланбаған.

XS
SM
MD
LG