Ссылки доступа

Хадиджа Исмаилова: "Мен күресті жалғастыра беремін" (видео)


"Начну с того места, где меня прервали арестом"
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:37 0:00
Загрузить файл

Құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар Әзірбайжанда Азат Еуропа/ Азаттық радиосының журналисі Хадиджа Исмаилованың бостандыққа шығуын қолдайды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дунья Миятович Исмаилованы бостандыққа шығаруын "өте дұрыс қадам" деп атады. Еуропарламент басшысы Мартин Шульц "бұл жақсы жаңалық басқа жағдайларда да қайталанады деп үміт білдіремін" деді. Ал Нью-Йорктағы Журналистерді қорғау комитеті штаб-пәтері Исмаилованың босатылуын "қуанышқа түрткі болатын жағдай" деп, Әзірбайжандағы өзге де журналистердің қуғындалуына назар аударды.

"Бұл Хадиджаның және барлық журналистер үшін, әлемдегі сөз бостандығы үшін ұлы күн", –деп мәлімдеді Азат Еуропа/Азаттық радиосының бас редакторы Ненад Пеич.

Исмаилованың өзі бостандыққа шыққаннан кейін "әділдік үшін күресімді жалғастыра беремін" деді.

Әзірбайжанның Жоғарғы соты сәрсенбі күні журналисті үкімі жеті жарым жылдан, үш жарым жылға қысқарғаннан кейін бостандыққа шығару туралы бұйрық шығарды.

Исмаилова 2014 жылдың желтоқсанында тұтқындалған, 2015 жылдың қыркүйек айында салықты төлеуден бас тартты деген айыппен сотталған. Батыс үкіметі мен журналистерді қорғайтын халықаралық ұйымдар оның босатылуын талап еткен.

Қоғамдық ұйымдар Исмаилованы түрмеге отырғызуын Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев отбасының коррупциялық әрекеті туралы журналистік зерттеуімен байланыстырған.

(Логотипсіз, жоғары сапалы видеоны мына жерден жүктей аласыз)

XS
SM
MD
LG