Ссылки доступа

Қырғызстан парламенті сотқа дейін сайтты бұғаттауды мақұлдады


Қырғызстанның Жогорку Кенеші үшінші оқылымда экстремистік және террористік пиғылмен материалдар таратты деп күдіктелінген сайттарды бұғаттауды мақұлдады. ҚР "Экстремистік әрекеттерге қарсы тұру жөніндегі" заңға түзетулер енгізуді депутаттардың көпшілігі қолдады.

Бұл өзгерістер экстремистік тұрғыда мақала жариялаған интернет-сайттарды соттың шешімінсіз уақытша тоқтатуға мүмкіндік береді.

Онда күдікті сайттар Бас прокуратураның ұсынысымен Көлік және коммуникация министрлігі 3-5 күнге дейін бұғаттайды делінген. Егер жүргізілген сараптама және сот мақаладан экстремизмнің белгілерін таппаса, онда сайтқа қойылған шектеулер алынып тасталынады.

ІІМ интернет-сайттар арқылы терроризмге насихаттау жүргізіліп, азаматтарды экстремистік ұйымдарға тартады дейді. Жалпы мәлімет бойынша, Қырғызстанда жылына 20 шақты сайт экстремистік материал таратқаны үшін бұғатталады екен. Бірақ оның иелері сайттың атауын және IP-адресті өзгертіп, жұмыстары жалғастыра береді дейді.

Ал құқық қорғаушылар болса, бұл өзгертулер сөз еркіндігіне қауіп төндіреді деп отыр.

XS
SM
MD
LG