Ссылки доступа

Қазақстан бюджеттік бағдарламаларды орындау үшін 1 миллиард доллар қарыз алды


Қазақстан сенатының депутаттары бүгін Халықаралық қайта құру және даму банкінен 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде қарыз алу туралы келісімді мақұлдады.

Қарыз ақша «макроэкономикалық басқару саласындағы мемлееттік саясатты қаржыландыруға» жұмсалады, оның ішінде республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруды көздейді.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қарызды қайтару мерзімі — 20 жыл, өсімақы мөлшері — 1,5 пайыз болғанын, 2,5 жыл жеңілдік уақыты қарастырылғанын мәлімдеді.

Былтырғы жылдың аяғында Қазақстан Азиялық даму банкінен 2016 жылғы республикалық бюджеттің мұқтажы үшін 1 миллиард доллар қарыз алу туралы келісімге қол қойған еді.

Биыл наурыз айында республикалық бюджет бойынша қабылданған түзетулерге сәйкес, үстіміздегі жылдың бюджетіне 902,7 миллиард теңге (2,7 миллиард доллар) жетпейтін болады деп болжанған.

XS
SM
MD
LG