Ссылки доступа

Түркіменстан президенті енді кілем туралы кітап жазды


Түркімен басшысы Гұрбангұлы Бердімұхамедов кілемдер туралы жазылған «Arşyň nepisligi» деген атпен жаңа кітап шығарып, 24 мамырда оны үкімет мүшелеріне сыйлады. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» басылымы хабарлады.

Кітапты табыстау салтанаты кезінде Бердімұхамедов өзінің жаңа еңбегі барша ағартушы, философ, ғалымдар мен ұлттық мәдени мұраға қызығатындар үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.

Бұл Түркіменстан президентінің 2016 жылы жазған төртінші кітабы, бұған дейін ол өзінің министрлеріне «Даналық көзі», «Шай — дәрі және шабыт», «Сәйгүліктің шабысы» деп аталатын кітаптарын сыйға тартқан болатын.

XS
SM
MD
LG